Шавкат Мирзиеев үшінші сынып оқушысына Chevrolet көлігін сыйлады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
1 маусымда Өзбекстан президенті Ташкенттегі Бостан ауылына жұмыс сапарымен барады. Сол кезде үшінші сынып оқушысы Фазилат Якупова президенттің алдында өзінің "Бес бастама " атты шығармасын оқып береді. Аталмыш шығарма президент дамыту керек бағдарламалар туралы жазылған. Мектеп оқушысының шығармасын ұнатқан президент кішкентай қыздың отбасына көлік сыйлауды бұйырған.
Uza.uz сайтының хабарлауынша, президент өз уәдесінде тұрып, үшінші сынып оқушысына Chevrolet Cobalt көлігінің кілтін табысталды.
Пікір қалдыру